Алматыда қар тазалауға 1000-нан астам техниканы жұмылдыру жоспарлануда 

Алматыда қар тазалауға 1000-нан астам техниканы жұмылдыру жоспарлануда 
almaty-akshamy.kz

Тұрғын үй саясаты басқармасы 2021-2022 жылдардың қысқы кезеңінде қар тазалау бойынша өндірістік базалар мен мамандандырылған техниканың дайындығына тексеру жүргізді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 


Жолдарды тазалау үшін 1 038 бірлік арнайы техника іске қосылады. Жол жұмысшыларының саны 1 400 адамды құрайды. Қысқы кезеңге қосымша 1 200-ге жуық жол жұмысшысын тарту жоспарлануда. Осылайша жұмысшылардың жалпы саны 2 600 адамды құрайды. 

Ведомствода хабарлағандай, техниканы қысқы жұмыс режиміне қайта жабдықтау ауа райы жағдайына байланысты кезең-кезеңімен жүргізіледі. 

Қалың қар жауған жағдайда 18 құрылыс ұйымдарымен 150 бірлік қосымша техника – самосвалдар, тиегіштерді жалға алу туралы шарттар жасалды. 

30 мың тонна тұз және 60 мың тонна құм алынды. Көктайғаққа қарсы материалдардың нормативтік санына (барлығы 33 мың тонна тұз және 80 мың тонна құм) жеткізу 15 қазанға дейін жүргізілетін болады.

Қалың қар жауған жағдайда қосымша 10 мың тонна тұз және 15 мың тонна құм жеткізуге шарт жасалды. 

Барлық аудандарда қар жиналатын орындар анықталды.