Елімізде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина алды?

Елімізде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина алды?
Cурет: Ашық дереккөз

24 қаңтардағы мәлімет бойынша, Қазақстанда I компонентпен 9 126 541 адам вакцина салдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

II компонентпен 8 690 027 адам егілді.

Еске сала кетсек, Қазақстанда өткен тәулікте 11340 адам коронавирусқа шалдықса, 5532 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.