Еліміздің төрт облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің төрт облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сурет: Ашық дереккөзі

Жетісу облысының солтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады

13 қазанда еліміздің төрт өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Петропавл қаласында күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Орал қаласында түнде және таңертең дала тұманды болады.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-батысында оңтүстік-батыстан екпіні 16 м/с жел соғады.

Жетісу облысының солтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.