Алматыда газбен жүретін спринтер көлігі өртеніп кетті

Алматыда газбен жүретін спринтер көлігі өртеніп кетті
Сурет: zakon.kz

Жүргізуші өрт сөндіргішті шығарып үлгерсе де, жалынның салдарынан көлікке жақындай алмаған

Әл-Фараби-Сейфуллин даңғылдарының қиылысында Sprinter көлігі өртенді. Көлік иесінің айтуынша, капот түтіндеген, артынша жана бастаған. Жүргізуші өрт сөндіргішті шығарып үлгерсе де, жалынның салдарынан көлікке жақындай алмаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті көліктің салонында газ-баллон жабдығы орнатылғанын түсіндірді. Сол жерден өтіп бара жатқан куәгерлер 101 қызметіне хабарласқан.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 16:54-те жетті. Сағат 17:04-те келген кезде олар 8 шаршы метр аумақта көліктің жанып жатқанын анықтады. Өрт 17:10-да оқшауланып, 17:11-де жойылды.