Еліміздің әр аймағынан келгендер де бақтарын сынады

Еліміздің әр аймағынан келгендер де бақтарын сынады
Сурет: Қайрат ҚОНЫСБАЙ

Алматының «Абай» алаңында ұйымдастырылып отырған «Tartyl Fest» республикалық турникте тартылу фестиваліне қаламыздың тұрғындарынан бөлек, еліміздің әр аймағынан келген қатысушылар да бақтарын сынады. Оның бірі 19 жасар Уалихан Мұқанов есімді азамат. Ол тарихы терең Тараз қаласынан Алматыға арнайы келген.

«Нұрлан Қоянбаев ағамыздың әлеуметтік желісінен осы жарыс жайлы естідім. Қатысуға қатты қызғушылық таныттым. Осылайша әсем қала Аматыдан бір-ақ шықтым. Жас болғандықтан спорттық шараларға қатысқанды жақсы көремін. Бүгін нәтижелі өнер көрсетем деген сенімдемін. Осы іс-шараның арқасында жақсы жігіттермен де таныс болдым. Салмағым 50 келі болғандықтан қатарластарым көп болса да, жеңіске жетемін деген үмітім бар»,–дейді сайысқа қатысушы Уалихан Мұқанов.