Еліміздегі ең үлкен ту төмен түсірілді

Еліміздегі ең үлкен ту төмен түсірілді
Сурет: Inform.kz

Бүгін Қазақстанда жалпыұлттық аза тұтут күні.

Еліміздің астанасындағы мемлекеттік рәміздері алаңында орналасқан ең үлкен Ту төмен түсірілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, 12 маусым күні сағат 00:00-ге дейін еліміздегі барлық ту жартылай (50 м) төмен түсірілді.

Абай ауданындағы өрт салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстанда 12 маусым жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Тиісті жарлыққа Қазақстан Президенті қол қойды.