Елімізде жасанды ұрықтандыру арқылы 2 мың бала дүниеге келген

Елімізде жасанды ұрықтандыру арқылы 2 мың бала дүниеге келген
Сурет: Ашық дереккөзі

2025 жылға дейін ЭКҰ-ға жыл сайын 7000 квота бөлу қарастырылған

«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 2 мыңнан аса бала дүниеге келді деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы еліміздегі отбасылық-демографиялық ахуалға алаңдаушылық білдіріп, 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасын іске қосуды, экстракорпоральды ұрықтандыру бағдарламасына арналған квотаны 7 рет, яғни 7000-ға дейін ұлғайтуды тапсырған болатын», – делінген хабарламада.

Бағдарлама бойынша 2025 жылға дейін ЭКҰ-ға жыл сайын 7000 квота бөлу қарастырылған.
2021 жылдың нәтижесі бойынша 7000 әйел көмекші репродуктивті технология қызметін пайдаланды. 
Нәтижесінде 3218 әйел жүктілік бойынша есепке алынып, 2212 бала дүниеге келді.