Алматы қаласында 305 адам бір тәулікте індет жұқтырған
Ал еліміз бойынша 2436 адамның бір тәулікте індет жұқтырғаны анықталып отыр.
Бұл адамдардың коронавирусқа шалдыққаны ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Сoronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталған сайттың мәліметіне сәйкес, аймақтар бойынша көрсеткіш мынадай: Нұр-Сұлтан қаласы - 807, Алматы қаласы - 305, Шымкент қаласы - 143, Ақмола облысы - 50, Ақтөбе облысы - 66, Алматы облысы - 52, Атырау облысы - 98, Шығыс Қазақстан облысы - 78, Жамбыл облысы - 27, Батыс Қазақстан облысы - 121, Қарағанды облысы - 394, Қостанай облысы - 51, Қызылорда облысы - 35, Маңғыстау облысы - 81, Павлодар облысы - 64, Солтүстік Қазақстан облысы - 20, Түркістан облысы - 44.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 425573.