Тоқаев шахтада қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына көңіл айтты

Тоқаев шахтада қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына көңіл айтты Сурет: Akorda.kz.

Көңіл айту жеделхатын жолдады.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахтасында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қасым-Жомарт Тоқаев  Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахтасында болған апат салдарынан қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.  



« АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының шахтасында болған апат салдарынан қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Үкіметке және Қарағанды облысының әкіміне апат себептерін  анықтау үшін шұғыл шаралар қабылдауды және қайтыс болған және зардап шеккен азаматтардың отбасыларына тиісті көмек көрсетуді тапсырдым, – деп жазылған жеделхатта».



Cоңғы мәліметтер бойынша,АрселорМиттал Теміртау кенішінде қаза болғандардың саны 5 адамға жетті. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.



«Соңғы ақпарат бойынша АрселорМиттал Теміртау кенішінде қайтыс болғандардың саны 5 адамға жетті. Тағы бір адамның денесі табылды» делінген хабарламада.



Бесінші кеншінің денесі апаттық-құтқару жұмыстары кезінде таңғы сағат 09:09-да табылғаны белгілі болды. Ол жайлы облыс әкімдігі хабарлады.


Естеріңізге сала кетсек, 3 қараша күні сағат 3.03-те «Арселор Миттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Ленин атындағы шахтасында апат болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04