Елімізде «Ұлттық фильм» термині мен кино саласын қаржыландырудың жаңа моделі енгізіледі

Елімізде «Ұлттық фильм» термині мен кино саласын қаржыландырудың жаңа моделі енгізіледі
Сурет: Turkystan.kz

Сенат отырысында депутаттар «Кинематография туралы» және «Мәдениет туралы» заңдарға енгізілетін өзгерістерді мақұлдады.

Құжат аясында аталған саланың материалдық-техникалық базасын сақтау мен дамытуды жүйелендіру тетіктері қарастырылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Балалар анимациялық және отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды мемлекеттік қолдау қарастырылған. Отандық киноиндустрияны дамыту мен инвестиция тарту мақсатында Ұлттық кинокомиссия құру жоспарланып отыр.

«Ұлттық фильмдерді шығаруға бөлінетін қаражатты бөлудің жаңа тәсілдері 70 пайызы тарихи, патриоттық және имидждік, 30 пайызы жеке жобаларды, оның ішінде дебюттік фильмдерді қаржыландыруға бюджет қаражатын қоғамдық маңызы бар шығармашылық жобаларды жүзеге асыруға бағыттауға ықпал етеді», - дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп.