Елімізде өткен жылмен салыстырғанда сауда үлесі 1,4 пайызға өскен - Ұлттық статистика бюросы

Елімізде өткен жылмен салыстырғанда сауда үлесі 1,4 пайызға өскен - Ұлттық статистика бюросы
Сурет: Qazaly.kz

9 айдың қорытындысы бойынша сауда сомасы 10 трлн 625 млрд теңгені құраған.

Ондағы азық-түлікке жататын тауарларының үлесі 36%, тұтынушы тауарлар – 64%.Сауда жасағандардың басым бөлігі – Алматы, Астана, Қарағанды ​​және ШҚО тұрғындары, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

Сатып алынған тауарлардың көп бөлігі азық-түлік емес, тұтынушы тауарлар, атап айқанда: жиһаздар, майлау материалдары, музыкалық аспаптар, тұрмыстық электр құралдары, фармацевтикалық тауарлар, компьютерлер, аяқ киім, косметикалық тауарлар мен гигиеналық құралдар, сағат және зергерлік бұйымдар т.б.