Елімізде коронавирустан 1,3 мың адам жазылып шықты

Елімізде коронавирустан 1,3 мың адам жазылып шықты
Сурет: Almaty.tv

Алматыда 274 науқас сауықты

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 1358 адам жазылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.

Өңірлер бойынша: 
Нұр-Сұлтан қаласында - 759, 
Алматы қаласында - 274, 
Атырау облысында - 3, 
Шығыс Қазақстан облысында - 9, 
Абай облысында - 4, 
Жамбыл облысында – 9, 
Батыс Қазақстан облысында - 22, 
Қарағанды облысында - 212, 
Ұлытау облысында - 3, 
Маңғыстау облысында - 31, 
Павлодар облысында - 12, 
Түркістан облысында - 20. 

Өткен тәулікте індет 2021 адамнан анықталды. Жалпы пандемия басталғалы коронавирус елімізде 1 354 615 адамнан анықталса, соның ішінде 1 313 820 адам сауықты.