Алматыда жүзуден жарыс өтуде

Алматыда жүзуден жарыс өтуде
сурет: Самат Құсайынов

Сайысқа қатысып жатқан 303 адамның 250-ге жуығы Алматы қаласынан.

Алматыда жүзуден жарыс өтіп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Жүзу бойынша қалалық чемпионат пандемиядан кейін бірінші рет өтіп жатыр. Шара D-Fitness спорт-сауықтыру кешені мен Алматы жүзу федерациясының қолдауымен ұйымдастырылған. Сайысқа қатысып жатқан 303 адамның 250-ге жуығы Алматыдан, ал қалғандары Қызылорда, Сәтбаев қалаларынан, сондай-ақ Қырғызстаннан келген қонақтар қатысуда.  

«Жарысқа 50 метр қашықтыққа еркін жүзу бойынша ҚР рекордсмені Александр Варакин, сондай-ақ жүзуден Ұлттық құрама мен Алматы қаласының құрама командасының мүшелері де қатысты. Бұл стартта республика чемпионатына қатысу үшін Алматы қаласының командасына іріктеу жүріп жатыр», - деді Алматы қаласы жүзу федерациясының төрағасы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия ойындарының чемпионы, халықаралық старттардың жүлдегері Артур Дильман.

Айта кетелік, соңғы жарыс 2020 жылдың наурыз айында пандемияға дейін өткен болатын. Чемпионатқа 9 жастағы балалардан бастап ересектер де бақ сынап жатыр.