Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны артты

Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны артты
Cурет: Inform.kz

Вакцина салу жалғасып жатыр

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация жасатқандар саны артып келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz індеттің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.

12 наурыздағы дерекке сәйкес, елімізде коронавирус вакцинасының І компонентін 9 423 576 адам, ІІ компонентін 9 070 228 адам салдырды.
Еске салсақ, 11 наурызда егілгендер бойынша көрсеткіш келесідей болды: І компонентпен - 9 419 678 адам, ІІ компонентпен 9 061 561 адам.
10 наурызда ұсынылған статистика: І компонентті 9 412 038 адам, ІІ компонентті 9 044 438 адам салдырды.