Елімізде «Қолжетімді интернет» пилоттық ұлттық жобасы әзірленді

Елімізде «Қолжетімді интернет» пилоттық ұлттық жобасы әзірленді
Сурет: Ашық дереккөз

Жобаны 2023-2027 жылдар аралығында іске асыру жоспарланған.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Қолжетімді Интернет" атты байланыс саласындағы пилоттық жоба әзірледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  

"Қолжетімді Интернет" байланыс саласындағы пилоттық ұлттық жобаның мақсаты - халық пен бизнесті Интернет желісіне жоғары жылдамдықты (≥100 Мбит/с) қолжетімділікпен қамтамасыз ету.

Жобаны 2023-2027 жылдар аралығында іске асыру жоспарланған.

Жобада бірнеше міндет көзделген:

- Сымды байланыс инфрақұрылымын дамыту;
- Сымсыз байланыс инфрақұрылымын дамыту;
- Сапаны бақылау және қауіпсіздік;
- Транзиттік әлеуетті ұлғайту және өңірлік хаб құру.

Мемлекеттік қолдау шаралары
Ұлттық жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен және бюджеттен тыс қаражаттан 2023-2027 жылдар кезеңінде 1 114 726 105 мың теңге бөлу көзделген, оның ішінде:

2023 жылы – 161 028 372 мың теңге;
2024 жылы – 246 243 232 мың теңге;
2025 жылы – 252 005 804 мың теңге;
2026 жылы – 227 494 848 мың теңге;
2027 жылы – 227 953 848 мың теңге.
Құжат 14 ақпанға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.