Елімізде көктайғақтың кесірінен жолдар жабылды

Елімізде көктайғақтың кесірінен жолдар жабылды
Cурет: Qazaqstan.tv

Жол қауіпсіздігі. 

Ауа райының қолайсыздығына байланысты түнде Абай облысындағы жолдарда шектеулер қойылды. Қатты боран салдарынан Алматы-Өскемен тас жолында, сондай-ақ Аягөз бен Қалбатау аралығында жүк көліктер мен тіркемесі бар көліктердің жүруіне тыйым салынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Көктайғақ пен бораннан бірнеше көлік апаты тіркелді. Жарақат алып, ауруханаға жеткізілгендер бар. Ал еліміздің оңтүстігінде Алматы-Ташкент-Термез, сондай-ақ Жамбыл облысының Түркістанмен шектесетін аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты жүк көліктеріне қойылған шектеулер бүгін таңертең алынып тасталды.