Елімізде қоқыс шығару тарифі қымбаттады

Елімізде қоқыс шығару тарифі қымбаттады
Сурет: Ustinka.kz

 Биыл маусымда Қазақстан бойынша қоқыс шығарудың орташа тарифі 403 теңге (бір адамға) болды.

Өткен жылдың маусым айымен салыстырғанда тариф 31% қымбаттады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ең жоғары тариф мына қалаларда тіркелді: Алматы – 553 тг, Ақтау – 504 тг (2022ж. маусым – 250 тг.), Орал – 496 тг (2022ж. маусым – 286 тг.).

Қоқыс шығарудың ең төмен бағасы Тараз қаласында байқалды (94 тг.). Онда тариф өткен жылдан бері өзгермеген.