Елімізде қант әкелуге квота бөлінді

Елімізде қант әкелуге квота бөлінді
Сурет: Kapital.kz

42 400 тонна мөлшерінде квота бөлінді.

Қазақстан Үкіметі қант әкелуге квота бөлінгені туралы ақпарат берді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

««Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2022 жылғы қыркүйектің 15 нен 21 күніне дейін өтінім берушілерден өтінімдер қабылдау қорытындысы бойынша сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында Қазақстан Республикасының аумағына ақ қант пен құрақ қанты шикізатын әкелуге 42 400 тонна мөлшерінде квота бөлінді», - делінген хабарда.

Бөлінбеген ақ қант пен құрақ қанты шикізатын әкелуге арналған квотаның көлемі 36 144 тоннаны құрайды.

№ Сыртқы сауда қызметіне қатысушының атауы Тауардың атауы СЭҚ ТН коды Саны Өлшем бірлігі
1 2 3 4 5 8
Құрамында қанты бар өнім өндірушілер
1 «Баян Сулу» АҚ ақ қант 1701 99 100 4 000 тонна
2 «ASSELAGRO» ЖШС ақ қант 1701 99 100 12 500 тонна
Ішкі нарықта өткізу үшін
3 «Ак-Сауран» ЖШС ақ қант 1701 99 100 12 500 тонна
4 «Fergus Kazakhstan» ЖШС ақ қант 1701 99 100 3 500 тонна
5 «Ержан-Мухаммед» ЖШС ақ қант 1701 99 100 3 300 тонна
6 «Шығыс-Астық-Нан» ЖШС ақ қант 1701 99 100 3 300 тонна
7 «Quantim Green Technology ЖШС ақ қант 1701 99 100 3 300 тонна