Елімізде газбен жүретін көліктерге арнайы белгілер орнатылып жатыр

Елімізде газбен жүретін көліктерге арнайы белгілер орнатылып жатыр
Сурет: kolesa.kz

Бұл стандарт міндетті саналады

Қазақстанда газбен жүретін көліктерге арнайы белгілер орнату туралы міндеттеме күшіне енді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

1 қаңтардан бастап Қазақстанда газ баллон жабдығы бар көліктерге арнайы белгі орнату қажет. Белгі қара жиегі және GAS жазуы бар сары теңбүйірлі үшбұрыш болады.

Бұл стандарт міндетті саналады. Өйткені ол Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №534 бұйрығымен бекітілген Жол қозғалысы ережелерінде анықтама ретінде көрсетілген.

Еске салсақ, таңба газ жабдығымен жабдықталған автокөліктерге міндетті болғандықтан, ҚР ӘҚБтК-нің 620-бабына сай 3 АЕК (10 350 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған", - делінген ведомство хабарламасында.