Елімізде Дүниежүзілік банкпен бірлескен жаңа жоба жасалады

Елімізде Дүниежүзілік банкпен бірлескен жаңа жоба жасалады
Сурет: Primeminister.kz

Елімізде Дүниежүзілік банкпен бірлескен бірнеше жаңа жоба жүзеге аспақ.

Бұл жайында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орта Азия жөніндегі вице-президенті Анна Бьердемен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Тараптар банктің Қазақстандағы қазіргі жобалары мен алдағы жоспарларын, Мемлекет басшысы Жолдауында белгілеген Үкіметтің реформаларды жүргізу жөніндегі шараларын талқылады. Премьер-Министр Банктің қолдауымен елімізде табысты жұмыс істеп жатқан экономикалық-әлеуметтік жобаларды атап өтті. Ал Анна Бьерде Қазақстан мен Дүниежүзілік банк ұзақ уақыттан бері өзара ынтымақты жалғастырып келе жатқанына тоқталды. Бұған дейін құны 8 млрд доллардан асатын 47 жоба сәтті жүзеге іске асқан.