ArtSport бағдарламасы бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалуы мүмкін

ArtSport бағдарламасы бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Сурет: Kazpravda.kz

ArtSport бағдарламасы бойынша 6 бірдей қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Бұл туралы Алматы қаласының прокурорлары мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, ArtSport бағдарламасына қатысты тексеріс жүргізіліп, бірнеше миллион қаражат жымқырылғаны анықталған. Бюджет қаржысын ұрлау үшін нақты схема қолданылған. Сондай-ақ спорт секцияларында бұрын сотталған және әртүрлі қылмыс үшін жауапқа тартылған 10-нан астам жаттықтырушы балаларға сабақ беріп келген. Одан бөлек 3 мыңнан астам бала шетелде болса да, қағаз жүзінде үйірмелерге тіркелген. 5 мыңына сабақ мүлде өткізілмеген. Кейбір жаттықтырушылармен еңбек шарттары және зейнетақы аударымдары жасалмаған. Сонымен қатар жүйенің жұмысында да біршама олқылықтар бар.

Еске саламыз, бұған дейін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев 1 қыркүйектен бастап, ArtSport бағдарламасын қаржыландыру тоқтатылатыны туралы айтқан еді.