Елімізде 2025 жылға дейін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 369 мектеп салынады

Елімізде 2025 жылға дейін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 369 мектеп салынады
Сурет: Самат Құсайынов

Жоба оқу орындарының жетіспеушілігі мәселесін шешіп, үш ауысымды мектептерді азайтады.

Қазір өңірлерде жер учаскелері белгіленіп, техникалық бақылау бойынша мердігерлер анықталған. Құрылыс жұмыстарына жергілікті басқару органдары да мониторинг жүргізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Еліміздің кез келген азаматы оның барысын онлайн режимде қадағалап, өзін қызықтырған құжаттармен таныса алады. Жобаны іске асыруда, отандық өндірушілерді қолдау тетіктері заңнамалық тұрғыда бекітілген. Мектепке арналған оқу жабдықтары мен жиһаздар тек қазақстандық тауар өндірушілерден сатып алынады.

«Түркістан облысында 63 мектептің құрылысы, Алматы облысында 53 мектептің құрысылы, Астана қаласында 24, Алматы қаласында 22 мектептің құрылысы жоспарланып отыр. Білім беру ұйымдарында қолданылатын тауарлар мен жабдықтарға қайылатын талаптар бар. Осы талаптарға сәкес болғанда кез-келген отандық өндіруші бұл жобаға қатыса алады. Оның үстіне, Үкімет қаулысымен отандық өндірушілерге шаралар қабылданып отыр», - дейді ҚР оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан.