Бүгіннен бастап «Медеуге» экспресс автобустар қатынайды

Бүгіннен бастап «Медеуге» экспресс автобустар қатынайды
Cурет: depositphotos.com

«Медеуде» мәнерлеп сырғанау маусымы ашылды

Алматыда 6 қарашадан бастап Медеу мұз айдынына экспресс автобустар жүре бастайды, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz қаланың Мобильдік басқармаcына сілтеме жасап.

«№ 9 маршрут өз қозғалысын Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайының жанындағы аялдамадан бастайды. Сондай-ақ, Мұзтау ауданындағы «Алатау» қонақ үйінің алдында аялдама болады. Автобустар таңертең сағат 09.00-ден бастап кешкі сағат 19.00-ге дейін жүреді», – делінген хабарламада.

Жолақысы 200 теңге болады.

Еске салсақ, 5 қарашада «Медеу» мұз айдынында мәнерлеп сырғанау маусымы ашылды.