Еліміз қара және түсті металл тасымалына шектеу қоймақ

Еліміз қара және түсті металл тасымалына шектеу қоймақ
Сурет: Openbusiness.ru

Құжат 20 ақпанға дейін ашық талқыланады.

Қазақстан қара және түсті метал транзитіне 3 жылға шектеу енгізуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Үкімет Қаулысында жазылған.

«Мыс, алюминий, қорғасын, қара металл қалдықтары мен сынықтары, балқытуға арналған қара металл құймалары, пайдалануда болған құбырлар, рельстер, теміржол төсемі мен жылжымалы құрам элементтері, қорғасын батареялары, құрамында қорғасын, кадмий немесе сынап бар, химиялық түрі бойынша сұрыпталған және құрамында қорғасын, кадмий немесе сынап жоқ, сұрыпталмаған және құрамында қорғасын, кадмий немесе сынап жоқ түсті металдардың Қазақстан аумағы арқылы транзитін 3 жылға шектеу енгізілсін», - деп жазылған Қаулыда.

Шектеу енгізілуі мүмкін металдардың толық тізімін мына жерден көруге болады.

«Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық салаға және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге теріс әсер етпейді», - делінген Қаулы мәтінінде.