Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 22-ші орынға көтерілді

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 22-ші орынға көтерілді
Сурет: Championat.com

Әлемдік рейтинг жаңартылды.

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған әлемдік рейтингті жария етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина үш сатыға жоғарылап, 22-ші орынға жайғасты.

Еліміздің үздік теннисшісі Словениядағы Порторож жарысының финалына дейін жетуі арқасында рейтингтік ұпай санын 1855-ке жеткізді.

Е.Рыбакина бүгін басталған Токио WTA 500 турнирінде сәтті өнер көрсетсе, рейтингін жақсарта алады. Ол ертең әлемнің 30-шы ракеткасы, ресейлік Людмила Самсоновамен алғашқы айналымда кортқа шығады.

Әлемдік рейтингте тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 36-дан 41-ге төмендеді.

Жұптық сында Анна Данилина 20-орнында қалса, Е.Рыбакина 102-ден 100-сатыға ілікті.