Тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

Тағы бір қаржы пирамидасы анықталды
Сурет: Depositphotos.com

Олар әртүрлі абоненттік нөмірлермен тіркеліп, WhatsApp арқылы 5 «жоба» бастаған.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар WhatsApp арқылы адамдардан 3 мыңнан 10 мың теңге аралығында «инвестиция» тартқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қылмыстық схема бойынша ұйымдастырушы 3 мыңнан 10 мың теңге көлеміндегі заңсыз инвестицияны тартқан, жобаға қатысушыларға 10 тәулікке дейін аралықта салған қаражатынан 300% және 500% төлеуді уәде еткен. Тергеу анықтаған белгілер қаржы пирамидасының негізгі белгілеріне жатады»,- деп жазылған агенттіктің хабарламасында.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған, жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.