Электрді заңсыз пайдаланған майнинг фермасы анықталған

Электрді заңсыз пайдаланған майнинг фермасы анықталған
Сурет: АиФ

Тексеру барысында фермадан «bitcoin» криптовалютасын жасауға арналған 159 майнинг құрылғысы анықталған.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметінің мәліметінше, агенттік өкілдері электр желісіне заңсыз қосылған манинг фермасын анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тексеру барысында фермадан «bitcoin» криптовалютасын жасауға арналған 159 майнинг құрылғысы анықталған. 2021 жылдың қарашасы мен 2022 жылдың ақпаны аралығында өндірілген криптовалюта 48 498 доллар (21 145 128 тенге) нақты ақшаға айналдырылған.