Ел аумағында тұман түсіп, жел күшейеді

Ел аумағында тұман түсіп, жел күшейеді
Сурет: ашық дереккөз

2 желтоқсан, сенбіге арналған ауа райы болжамы. 

Қазгидромет синоптиктерінің болжамынша,  республиканың батыс, солтүстік және шығыс өңірлерінде күн райына Атлантика циклоны және сонымен бірге келетін атмосфералық фронттар өз ықпалын тигізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Соның салдарынан жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ, бұрқасын болады.

Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында антициклон әсерінен жауын-шашын жаумайды.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.