Еліміз Беларусьпен көлік құрастыру саласын дамытып жатыр

Еліміз Беларусьпен көлік құрастыру саласын дамытып жатыр
Сурет: Ravon2.ru

Қазақстан мен Беларусь елдері арасындағы өндірістік әлеует артып келеді.

Қазақстан мен Беларусь машина жасау саласындағы әріптестік аясын кеңейтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап.

Қазір еліміздің аумағында аталған ел техникасы мен құрылғыларын шығаратын 7 ірі бірлескен өндіріс ошағы бар. Олардың дені – көлік жинайтын зауыт. Биылдың алғашқы 7 айында ғана былтыр жыл бойы қолданысқа берілген тракторлар мен комбайндар құрастырылған.

Техника көлемі мен өндірістің қуатын еселеумен қатар қазақстандық үлесті арттыру жағына ден қойылып отыр.

Қазақстан Республикасындағы Беларусь Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Павел Утюпин айтып берді.

Біз локализациялық үрдісті тереңдететін боламыз. Келер жылы кабиналарды толықтай шығаруға арналған өндірісті іске қосамыз. Олар осы жерде жиналып, Қазақстан аумағындағы өндірістік алаңдарға жеткізілетін болады. Қазақстанда оған қажетті өзге де жобалар қолға алынуда. Мәселен, қозғалтқыштар шығаратын зауыт, қозғалтқыштарға қажетті қосалқы бөлшектер жасайтын жобаларымыз бар, - деді ол.