Екі жылда бос жатқан 10 млн гектар жер мемлекетке қайтарылған

Екі жылда бос жатқан 10 млн гектар жер мемлекетке қайтарылған
Сурет: almaty-akshamy.kz

2022 жылдың басынан бері пайдаланылмайтын 10 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлері мемлекеттік меншікке қайтарылды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты.

Министрдің айтуынша, 2024 жылы тағы 2 млн гектар жерді қайтару жоспарланып отыр.

«Салық салудағы өзгерістер ауыл шаруашылығы алқаптарын ұтымды пайдалануға ынталандыру болуға тиіс. Бұл жұмыс бірыңғай жер салығы тәсілдерін өзгерту шеңберінде жүргізілуде, нәтижесінде Агроөнеркәсіп кешеніндегі салықтар бойынша есепке алу мен әкімшілендіруді жеңілдетуге мүмкіндік береді», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.