Екі қалада ауа сапасы нашарлайды

Екі қалада ауа сапасы нашарлайды
Сурет: ашық дерекөз

17 қараша күні Қазақстан аумағының барлық дерлік бөлігінде метеорологиялық жағдай қолайлы болады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, ауаның ластануының қолайсыз метеожағдайлары Алматы, түнде Атырау қалаларында күтіледі. Өзге қалаларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.