Доллар бағамы 0,36 теңгеге көтерілді

Доллар бағамы 0,36 теңгеге көтерілді
Сурет: Inbusiness.kz

Бүгін доллар 476-480 теңгеге сатылды.

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 0,36 теңгеге көтеріліп, 476,58 теңгені құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 70,10 теңгені (-0,5) құрады.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 485,56 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 476-480 теңгеге сатылды/сатып алынды, еуро 483-489 теңгеге өсті, рубль – 7,2-7,6 теңге.