COVID-19: әлемдік жағдай

COVID-19: әлемдік жағдай
Сурет: Rg.ru

Қазақстанда эпидахуал әлі жақсарған жоқ. Еліміздің барлық өңірі қайтадан «қызыл» аймаққа өтті.

4 жарым миллион адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды. Вакциналау қарқынын күшейтуге Үкімет тарапынан тапсырма берілді. Індетке шалдыққан 1 808 адамның жағдайы ауыр,  451 пациенттің жағдайы өте ауыр,  215 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. Ал, әлемдегі ахуал қандай? COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың телеграм каналы дүние жүзіндегі эпидахуал жайындағы ақпарат таратты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі.

Иранда індет жұқтырғандардың жалпы саны 4 238 676 адамға жетті, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі. Өткен тәулікте ғана COVID-19 жұқтырудың 39 139 жаңа жағдайы және 508 көз жұму дерегі анықталды. Бүгінгі таңда пандемия 95 111 адамның өмірін қиды. 11 тамыздағы жағдай бойынша, бүкіл ел бойынша 13 520 127 адам COVID-19 вакцинасының кем дегенде бір дозасын алды, 3 274 980 адам вакцинацияның толық курсынан өтті.  

АҚШ-та пандемия басталғаннан бері шамамен 36 миллион КВИ инфекциясын жұқтыру дерегі тіркелді. Алты айда алғаш рет күніне 100 мыңнан астам жаңа инфекция жұқтыру жағдайы анықталды. Бір айда ауруханаға жатқызу көрсеткіші 8 есеге өсті. 50 аурухана билік органдарынан көмек сұрауда. Ауруханаларда пациенттердің ағынымен күресу үшін қызметкерлер жетіспейді. Дәрігерлер "дельта" штамы әсерінен пациенттердің жас шамасы едәуір жасарғанын, 40 жасқа дейінгі адамдардың реанимацияға түсіп жатқанын, балалар арасында инфекция күннен күнге артып келе жатқанын айтады. Ауруға шалдығу жағдайларының көпшілігі Луизиана, Флорида, Техас, Алабама штаттарында орын алуда.

Ресейлік ғалым елдегі COVID-19 бойынша жаңа толқынның болуы мүмкін мерзімдерін атады. Вирусолог Евгений Тимаков аурудың жаңа өршуі туралы ескертті. Оның пікірінше, эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғанына қарамастан, вирус жұқтырғандардың саны қыркүйектің соңында демалыс маусымы аяқталып, барлығы үйлеріне оралған кезде өседі. Өткен тәулікте Ресейде 21 378 COVID-19 жұқтыру дерегі тіркелді. Эпидемия кезінде елде барлығы 6 491 288 жағдай анықталды, олардың 166 442-сі қайтыс болды.  

Таиландта бір күнде 235 адам коронавирустан қайтыс болды. Алдыңғы өлім-жітімнің максималды тәуліктік өсуі 7 тамызда тіркелген болатын - 212 жағдай. SARS-CoV-2 құрбандарының жалпы саны 6 588 адамға жетті. Өткен тәулікте COVID-19 жұқтырудың жаңа 843 жағдайы анықталды. Елде індетке шалдыққандардың жалпы саны 795 951-ге жетті. Иммундау басталғаннан бері Таиландта COVID-19 вакцинасының 21 миллионнан астам дозасы енгізілді. Бангкок пен Пхукет туристік орталығы халқының 70%-дан астамы вирусқа қарсы егілді.