COVID-19: Италия шекарасын жауып жатыр, Армения қашықтан оқыту режиміне көшпек

COVID-19: Италия шекарасын жауып жатыр, Армения қашықтан оқыту режиміне көшпек
Сурет: Inbusiness.kz

Қазақстанда соңғы екі аптада ковидпен сырқаттану көрсеткіші 11%-ға төмендеді.

Жалпы, соңғы екі айдағы көрсеткіш бойынша, елімізде індетке шалдығу 4,5 есеге, ал өлім-жітім 4,8 есеге азайды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz тілшісі.  

ҚР ДСМ мәліметі бойынша, қараша айында оптимистік сценарий бойынша айына 1500 жағдай болуы мүмкін. Реалистік сценарий бойынша – 1650, пессимистік сценарий бойынша – 1800 көрсеткіш болады деп болжанып отыр. Ал ковидтік жағдайдағы әлемнің эпидахуалы қандай? Шолу жасап көрейік.

Әзірбайжанда сатып алынған вакциналау паспорттары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, тіпті темір торға түсуі мүмкін. Жалған ковид сертификатын алған тұрғындар жазадан жалтара алмайды, деп мәлімдеді республика ІІМ баспасөз қызметінің басшысы Эльшад Гаджиев.

«Әзірбайжан заңнамасына сәйкес, жалған COVID-паспортын сатып алудың қылмыстық құрамы бар екенін хабарлаймыз», — деді Гаджиев.

Егер вакциналау туралы заңсыз құжаты бар азамат басқа адамға вирус жұқтырса және ол адам қайтыс болса, 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылған.

Гонконг пандемияға байланысты елге кіру шектеулерін күшейтуде – 21 күндік оқшаулау белгіленді. Бұл туралы автономия әкімшілігінің басшысы Кэрри Лам мәлімдеді. Карантиндік ерекшеліктер тек шұғыл қызмет жұмыскерлері мен азық-түлік тасымалдайтын жүк көліктері үшін қарастырылатын болады. Кэрри Лам карантиндік шараларды күшейту материктік Қытаймен шекараны тезірек ашуға деген ұмтылыспен байланысты екенін атап өтті. Сондай-ақ, қонақ үйлерде топ-менеджерлер, ірі корпорациялардың басшылары, ғалымдар, сондай-ақ кемелер мен ұшақтар экипаждарының мүшелері міндетті 21 күндік карантиннен өтпейді.

Италия билігі коронавирустық инфекция қаупі бар елдермен сыртқы шекараны жауып жатыр. Бүгіннен бастап Албаниядан келген азаматтар үшін елге кіру 15 желтоқсанға дейін тоқтатылады. Бұл Балқан еліндегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты. Италияға Албаниядан кіру тек үйге оралған итальяндықтар үшін, сондай-ақ жұмысқа, оқуға, емделуге және шұғыл себептермен баратындар үшін мүмкін болады. Албанияда коронавирустық инфекцияның жаңа жағдайларының саны көрші елдерге қарағанда едәуір көп. Бір тәулік ішінде 264 covid-19 тасымалдаушысы анықталды.

Арменияда эпидемиологиялық жағдайдың шиеленісуіне байланысты бүгіннен бастап жаңа карантиндік шаралар енгізілуде. Мектептердегі демалыс ұзарады, ЖОО мен ООО қашықтықтан оқыту режиміне көшеді. Бұл шешім Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша қабылданды. Шектеулердің қолданылу мерзімі 15 қарашаға дейін созылады. Елдің денсаулық сақтау министрлігі оқу орындарының басшыларын осы уақытқа дейін қызметкерлерді жұмысқа шақырмауды ұсынды. Өткен 24 сағат ішінде COVID-19 жұқтырудың 1184 жаңа жағдайы тіркелді, нәтижесінде олардың жалпы саны 296 552 адамға жетті.

Біріккен Араб Әмірліктері мен Бахрейн Корольдігінде вакцинациядан өтіп, Өлі теңізге саяхатқа баруға болады. Израиль Парсы шығанағындағы екі елдің вакцинация сертификаттарын мойындады. Денсаулық сақтау министрі Ницан Хоровиц Израиль, БАӘ және Бахрейн арасында «жасыл дәліз» туралы келісімге қол қойды. Әмірліктерде халықтың 86,9%-ы, Бахрейнде 66%-ы толық вакциналаудан өтті. Бұл елдерде ДДҰ сертификаттаған коронавирустық препараттар ғана емес, сонымен бірге ресейлік «Спутник V» вакцинасы да қолданылады.

Өзбекстан Үкіметі Ресейге вакциналау сертификаттарын өзара тануды ұсынуға дайындалып жатыр. Билік өз ұсынысын қараша айының ортасына дейін жариялауға дайын. Сонымен қатар бұл құжат Ресей Федерациясымен де, ТМД және алыс шетелдермен де вакцинация сертификаттарын тануды қамтиды. «Бұдан әрі бұл елдердің, атап айтқанда, Ресей Федерациясының сертификаттарды тану туралы осы ұсынысқа қалай жауап беретініне байланысты», — деп атап өтті санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық және қоғамдық денсаулық қызметінің басшысы Баходыр Юсупалиев.