Бүйрегін сатамын деп сотталды

Бүйрегін сатамын деп сотталды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Ол әлеуметтік желіде органның сатылатыны туралы хабарландыру жариялаған.

Ақтөбе тұрғыны бүйрегін сатпақ болғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

25 жастағы жігіт бүйрегін сату үшін заңсыз мәміле жасамақ болған, ол сатып алушымен мәміле жасасу кезінде ұсталды.

"Қылмыстық іс сотқа сотталушымен процестік келісім түріндегі жасалған процессуалдық келісіммен жіберілді, жаза тағайындау кезінде сот оның кінәсін жеңілдететін мән-жай ретінде шын жүректен өкінуін, сондай-ақ ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескерді", - деп хабарлады Ақмола облысы Көкшетау қалалық соты.

Сот ер адамды 1 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айырды. Ол пробациялық бақылауға алынды. Сот актісі әлі заңды күшіне енген жоқ.