Бүгін – Ресейде қаралы күн

Бүгін – Ресейде қаралы күн
Сурет: интернеттен

Бұл туралы Ресей халқына жолдауында мемлекет басшысы мәлімдеді.

Ресей президенті Владимир Путин 24 наурызды қаралы күн деп жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

22 наурызда Крокус Сити Холл ғимаратының бірінші қабатына басып кірген лаңкестер автоматтан оқ жаудырды. Оқиға «Пикник» рок тобының концертіне бірнеше минут қалғанда басталды.

Ресей Федерациясының Тергеу комитетінің соңғы мәліметі бойынша, Крокус Сити Холлдағы терактіде қаза тапқандар саны 133 адам болды.