Бүгін Мәжілісте Бас прокурор қаңтар оқиғасына қатысты сауалдарға жауап береді

Бүгін Мәжілісте Бас прокурор қаңтар оқиғасына қатысты сауалдарға жауап береді
Сурет: Ашық дереккөзі

Бүгін Мәжілістің биылғы алғашқы жалпы отырысы өтеді. Жиында мәжілісмендер «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының қаңтар оқиғасына қатысты сауалына ҚР Бас прокуроры Берік Асыловтың ауызша жауабын тыңдайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 «Қаңтардағы қайғылы оқиғалардың жарасы да, салдары да жеңіл болған жоқ. Сондықтан халқымыз да, қоғам да ол туралы жан-жақты әрі ашық ақпарат алғысы келеді. Осы бір жылдың ішінде жүргізілген тергеу амалдарының нәтижелерін ашық жариялау үшін 5 қаңтарда Мәжіліс қабырғасында арнайы тыңдау өтеді», - деп жазды Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов.