Бүгін - халықаралық такси күні

Бүгін - халықаралық такси күні
Сурет: Almaty-akshamy.kz

22 наурызда Бүкіл әлемдегі такси жүргізушілері өздерінің кәсіби мерекелерін – халықаралық такси жүргізушілері күнін атап өтеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

1907 жылдың дәл осы күнінде Лондон көшелерінде арнайы есептегіштермен жабдықталған алғашқы көліктер пайда болды. Лондондық такси жүргізушілері есептегішті "таксиметр" деп атаған. Француз тіліндегі «такшунд» (тақта) және грек тілінен «метрон» (өлшем) деген мағынаны білдіреді. Міне, сол уақыттан такси, ал такси жүргізушілері «таксист» деп аталды.

Көлік жүріп өткен қашықтықты автоматты есептегішті 1875 жылы немістің Вильгельм Фридрих Недлер деген өнертапқышы патенттеп алған болатын. Ол өзінің құралын «Taxanom» деп атады (нем. Taxe «төлем» + грек. «заң»). Десекте өнертапқыш өз туындысын тәжірибиеге 1884 жылы Гамбургте енгізе алды. Көп ұзамай қалалық полиция басқармасы ат арбасындағы есептегіштерді пайдалану туралы егжей-тегжейлі ережелер шығарды. Бірақ автомобильдерге «таксиметрлерді» бірінші болып орнатқан Штутгарт тұрғыны Фридрих Грайнер болды.  Ол 1896 жылы Daimler Riemenwagen көлігіне тапсырыс береді, Алайда көліктер келесі жылдың мамыр айында көшеге шығады. Бірақ ол ұзаққа бармады. Ал ат арбаларына есептегішті орнату біраз уақытты қажет етті.

1907 жылы «таксиметрлер» деп аталатын есептегіштері бар моторы бар «кэбалар» (қазіргі тілмен айтқанда кабриолетке келеді) Лондонда алғашқы таксилер болды. Лондонның алғашқы таксилерінің түсі – жасыл және қызыл болған. Бүгінгі таңда бұл көліктер үшін дәстүрлі болып саналатын сары түс Hertz корпорациясының негізін қалаушы Джон Герцтің ойы десек те болады.

Жаңа көліктердің төлемі ретінде ескі көліктерді қабылдап алған американдық ескі көліктерді сарыға бояп, такси ретінде пайдаланды. Әрине, мұндай жарқын көліктер қала көшелерінде алыстан менмұндалап көз тартып тұрғаны анық. Міне, осыдан кейін таксимен айналысушы компаниялардың барлығы таксиді сары түске бояу тәжірибесін қабылдады. Осылайша сары бүкіл әлем үшін классикалық такси түсіне айналды. Таксидің тағы бір танымал белгісі - қара ала белгісі. Бұл туралы бір дерек көздерінде қара ала белгі өткен ғасырдың 20-шы жылдары американдық компанияның көліктерінде пайда болғанын айтады. Ол белгіні жарыс (гонка) символдарынан алған. Бұл тұтынушылардың назарын аударып, адамдардың қозғалыс жылдамдығы туралы ойынан арылтуы керек еді.  

Ресейде таксиметрлері бар алғашқы автомобильдер 1906 жылы Санкт-Петербург пен Минскіде, 1907 жылы Мәскеуде, содан кейін басқа қалаларда пайда болған. Алайда, «таксимен» жолаушылар тасымалы астаналарда ғана кең етек алды. 1914 жылға қарай Санкт-Петербургтің Орталық диспетчерлік такси паркінде 400-ден астам көлік болғаны туралы мәлімет кездеседі. Алайда 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Ресей қалаларында таксилер біраз уақытқа дейін жұмысын тоқтатты. Тек 1925 жылы 21 маусымда Мәскеуде тұрақты такси қозғалысы қайта ашылады. Сондықтан мәскеулік такси жүргізушілері дәл осы күнді такси жүргізушілері күні ретінде атап өтеді.