ҚР Премьер-Министрі қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

ҚР Премьер-Министрі  қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
Сурет: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

«Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Тіршілік атаулыны түлетіп, жер-жаһанға ізгілік нұрын себетін Әз-Наурызды еліміз дархан пейілмен, жаңаша мазмұнмен атап өтуде.

Бағзыдан ырыс пен берекенің алтын арқауы, молшылық пен игіліктің қайнар бастауы болған ұлық  мереке – халқымызды мұратқа жеткізер мызғымас бірліктің, іргесі берік, еңсесі биік елдіктің жаршысына айналды. Жаңарған жыл кемел келешектен үкілі үміт күткен еліміз үшін жасампаз істерге әрі табысқа толы болғай. Әр шаңырақтың ырзық-несібесі артып, арман-мақсаттары орындалсын.

Рухани құндылықтарымызды дәріптейтін Наурыз мерекесі құтты болсын. Қашанда отбасыларыңыздан шаттық пен молшылық кетпесін! Ұлыс оң, ақ мол болсын!», - деді Үкімет басшысы.