V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының алғашқы билеті сатылды

V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының алғашқы билеті сатылды
Сурет: Astanatv.kz

Оны Дүниежүзілік Этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған сатып алды.

Біләл Ердоған көшпенділер ойынынында қазақ күресінен өтетін жарысты тамашаламақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бүл күндері төл күресіміз – қазақ күресі халықаралық аренада қарқынды дамып келеді. Дүниежүзілік Этноспорт конфедерациясы қазақ күресінің халықаралық олимпиадалық қозғалысқа қосылып, оның ілгерілеп дамуына үлкен қызығушылық танытып отыр.

Аталған спорттық іс-шара 12 қыркүйек күні, сағат 16.00-де Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.