Бүгін елімізде ауа райы құбылмалы болады жаңбыр

Бүгін елімізде ауа райы құбылмалы болады жаңбыр
Сурет: almaty-akshamy.kz

«Қазгидромет» РМК 7 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, республика аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Еліміздің оңтүстік-шығысында нөсер жауын жауады.

Тек солтүстік өңірлерде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында бұрқасын болады, найзағай ойнайды.