Қостанайдағы өрттің өршуі тоқтатылды

Қостанайдағы өрттің өршуі тоқтатылды
Сурет: Ашық дереккөзі

191 үй өртеніп кетті, 2 мыңнан аса адам эвакуацияланды

Бүгінде Қостанай облысындағы өрттің ауданы 43 мың гектар болды, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.  

Бұл туралы Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Титов Дмитрий   Орталық коммуникациялар қызметінде айтты.

«191 үй өртеніп кетті, 2 мыңнан аса адам эвакуацияланды. Бүгінде олардың барлығы өз үйлеріне оралды. Сондай-ақ өрт болған жерде бір адамның денесі табылды. Сонымен қатар өртпен күсуге ҚМ, ТЖМ, ІІМ, жергілікті атқарушы органдардың 2 мыңнан аса адам, 211 техника  жұмылдырылды», - деді Титов. 

Ол атағандай, бүгін түскі сағат 3-тегі мәліметке сәйкес, өрт сөндірілді, яғни өртеніп жатқан жерлер жоқ. 
«Өрт сөндірілді.Қазір бықсып жатқан жерлер болуы мүмкін.Қазір өрт сөндірілгенін атап өткім келеді», - деді ол.