Құлсарыда 28 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді

Құлсарыда 28 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді
Сурет: ҚР ТЖМ

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын хабарлады. 

«Құтқарушылар тұрғындар мен олардың үй жануарларын эвакуациялауға көмектесіп жатыр. Қазірге дейін Жылыой ауданында 28 501 тұрғын, оның ішінде 6 781 бала эвакуацияланды» — делінген хабарламада.