Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды
almaty-akshamy.kz

 «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады

4 қыркүйек, дүйсенбі күні Атырау. Ақтөбе қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.