Бүгін бір адам коронавирустан қайтыс болды

Бүгін бір адам коронавирустан қайтыс болды
Сурет: Aikyn.kz

Үш пациент жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Қазақстанда коронавирус пневмонияcынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ДСМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Соңғы тәулікте республикада коронавирус жұқтырғандар саны азайып, 74 адам болды. Бір күн бұрын коронавирус жұқтырғандар саны 101 болатын», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратында.

20 қаңтардағы жағдай бойынша, 1949 адам COVID-19-дан ем алуды жалғастырып жатыр. Оның ішінде 156 науқас стационарда, 1793 науқас амбулаторлық емделуде.

Науқастардың ішінде 10 адамның жағдайы ауыр, 5 науқастың жағдайы өте ауыр, 3 пациент жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.