Республикалық әкелер форумы өтіп жатыр

Республикалық әкелер форумы өтіп жатыр
Сурет: Inform.kz

Жиынның мақсаты – отбасы институтын нығайту және ер адамдардың отбасындағы рөлі мен жауапкершілігін арттыру.

Шымкент қаласында «Әкеге қарап ұл өсер» атты VІ республикалық әкелер форумы өтуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақпараттың хабарлауынша, қалалық әкімдіктің қолдауымен және «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған форумға еліміздің барлық өңірінен делегаттар қатысуда.

Атап айтқанда, отбасылық саясатқа жауапты орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, халықаралық ұйымдардың, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының және ғылыми-сарапшылық қауымдастықтың өкілдері әкелер институтын дамыту мәселесін бірлесіп талқылауда.