Нұрсұлтан Назарбаевқа ота жасалды

Нұрсұлтан Назарбаевқа ота жасалды
Cурет: Qazaqstan.tv

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа операция жасалды.

Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттерде жазды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды. Ота сәтті өтті. Тұңғыш Президенттің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ота Ұлттық кардиохирургия орталығында танымал кардиохирург Ю.Пяның жетекшілігімен жасалды», - деді Айдос Үкібай.