Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

«Қазгидромет» РМК 1 сәуірде еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, тек Атырау, Ақтөбе, Орал, Алматы, түнде Астана қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.