Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды
Сурет: Ашық дереккөз

Бейсенбі күні бес қалада ауа сапасы нашарлайды. Almaty-akshamy.kz бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

15 желтоқсанда Астана, Ақтөбе, Алматы, Көкшетау және Шымкент қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.