Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды
Сурет: ашық дереккөз

14 қыркүйекте еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, тек Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Атырауда ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.